С.П.Крыжановский және И.И.Куренков

3 Қыркүйек 2014, 13:03

Крыжановский Сава Поликарпович 1914 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша стансасында (қазіргі Тайынша қаласында) туған.

Крыжановский Сава Поликарпович 1914 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша стансасында (қазіргі  Тайынша қаласында) туған. Қызыл Армия қатарында 1941 жылдан, шайқастарға сержант, барлаушылар тобының командирі есебінде қатысқан. 1943 жылы қазан айында жаудың тылына өтіп, автотрассада жасаған. Екі автокөлікті қолға түсіріп, 8 гитлершілердің көзін жойып, бірнешеуін тұтқынға алды.

1943 жылы 19 қазанда барлауда жүріп танк пен бронетранспортерді жарып, 6 солдат пен офицерді өлтірді.

1944 жылдың басында гвардия сержанты Крыжановскийдің жеке есебінде жаудың 96 солдаты мен 5 офицерін өлтіргені жазылған және бірнеше фашист танкілері мен автокөліктері жойылған.

КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1944 жылғы 10 қаңтардағы Жарлығымен Сава Поликарпович Крыжановскийге Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

 Куренков Иван Иванович 1919 жылы 25 қаңтарда Нижегород облысы Вад ауданының Крутой майдан селосында туған. 1934 жылы  мектепте  оқып,  содан  кейін  Кузбаста  шахтада істеген. 1937 жылы 22 сәуірде Ленин­Кузнецк ҚӘК­ы арқылы Қызыл Армия қатарына алынған. 1942 жылдан Ұлы Отан соғысына қатысқан, атқыш, кейін взвод командирінің көмекшісі болған. 1943 жылы кіші лейтенанттар курсын бітіріп, Брянск майданындағы 605­атқыштар полкінің взвод командирі қызметін атқарды. 1943 жылы 5 қыркүйекте Куренков өзінің  взводымен алғашқылардың бірі  болып Сейм өзенінен өтті және бірден қарсыластарымен шайқасқа түсті. Осы шайқаста ол 30­дан астам гитлершілерді жайратты. 1943 жылы 8 қыркүйекте ұрыс даласында рота командирі жараланды. Куренков рота басшылығын қолына алды және шабуылға шықты. Осы ұрыста бөлімше қарсыластарының 50­ге жуығын жоқ қылды. Десна өзенінен өтіп, Куренков өзінің ротасымен жаудың тылына шығып, күтпеген соққы беріп, 70­тен астам фашистерді жайратты.

Нежин қаласы үшін болған ұрыста Куренков жауға білдірмей барлау мақсатында қалаға кіріп, қарсыластарының санын, орналасқан жерін анықтап, өз дивизиясының басшыларына құнды деректер жеткізді. Оның бұл деректері жауды тез және аз шығынмен талқандауға көмектесті.

Днепрден өтуде Куренков өзінің бөлімшесімен бірінші болып өзеннің оң жағалауына өтті және осы ұрыста 20 жау солдаттарын құртты. Куренков осында жараланса да, ұрыс даласынан кетпей, басшылығын жалғастыра берді.

КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1943 жылғы 17 қазандағы Жарлығымен Иван Иванович Куренковқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

1943 жылы желтоқсанда Куренков денсаулығына байланысты әскер қатарынан кетіп, 1945 жылдың сәуіріне дейін жұмыс істемеді. 1945 жылы алдымен аудандық колхозда істеді, содан кейін ұжымшар төрағасы болып сайланды.

1949 жылдан Горький қаласына қоныс аударуына байланысты ремстройконторда, кейін теміржолда жұмыс істеді. 1951 жылы Ленинск­Кузнецк қаласында тау шеберлері мектебін бітіріп, 1954 жылға дейін тау шебері болды. Бұдан кейін үш жыл Перм облысындағы «Леспромхозда» жұмыс істеді. 1957 жылы тың және тыңайған жерлерді игеру үшін Солтүстік Қазақстан облысына келіп, Қызылжар ауданындағы «Новоникольск» кеңшарында еңбек етті.

1970 жылы 29 тамызда қайтыс болып, «Новоникольскіде» жерленген. Ленин, Қызыл Ту, Қызыл Жұлдыз ордендерімен марапатталған.

 Литвинов Петр Дмитриевич 1916 жылы 18 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысы Володар (қазіргі Айыртау) ауданындағы Люботино селосында туған. Кейін Алматы облысындағы Талдықорған қаласына қоныс аударған. Қант зауытында қойма меңгерушісі, содан кейін Алматы стансасында вагон бақылаушысы болған. 1939 жылы Қызыл Армия қатарына шақырылған. Ұлы Отан соғысына алғашқы күннен қатысты.

7­гвардиялық армияның 12­минометшілер ротасының бөлімше командирі сержант Литвинов Днепропетровск облысындағы Бороевка селосы маңында 1943 жылдың 30 қыркүйегінде болған ұрыста әскери тапсырманы тамаша орындады. Минометтен және автоматтан оқ жаудырып, жауды үлкен шығынға ұшыратты. Сержант Литвинов жеке өзі ондаған фашистердің көзін құртты. Бірақ 1943 жылы 2 қазанда жау оғынан қаза тапты.

КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1943 жылғы 20 желтоқсандағы Жарлығымен Петр Дмитриевич Литвиновке Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Ленин, Қызыл Ту ордендерімен марапатталған. Днепропетров облысындағы Бородаевка селосында жерленген. Осы облыстағы Верхнеднепровск ауданындағы Правобережное селосында оған ескерткіш қойылған. Айыртау ауданындағы Бұрлық сегізжылдық мектебінде оқушылар дружинасына батырдың есімі берілген.

«Есімдері ел есінде», құрастырған Абай Тасболатов

Бөлісу: