С.П.Ильин және А.Ф.Карушин

3 Қыркүйек 2014, 12:27

Ильин Степан Петрович 1915 жылы 2 тамызда Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Володар (қазіргі Саумалкөл) селосында туған. Ұлы Отан соғысына 1942 жылдың сәуірінен қатысқан.

Ильин Степан Петрович 1915 жылы 2 тамызда Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Володар (қазіргі Саумалкөл) селосында туған. Ұлы Отан соғысына 1942 жылдың сәуірінен қатысқан.

65­армияның бөлімше командирі аға сержант Ильин 1943 жылы 15 қазанда Гомель облысы Лоев елді мекенінің маңында Днепр өзенінен өткен. Ол үш атқыштар взводының осы жерден өтуін ұйымдастырып, жаудың бірнеше шабуылына тойтарыс берген.

КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1943 жылғы 30 қазандағы Жарлығымен Степан Петрович Ильинге Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. 1946 жылы әскерден оралды. 1960 жылы мелиоративтік техникумды бітіріп, гидротехник болып істеді. Ташкент қаласында тұрды. Осы қалада 1993 жылы қайтыс болды. Ленин, І дәрежелі Отан соғысы ордендерімен марапатталған.

 Карушин Александр Федорович 1923 жылы 7 тамызда Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласында әскери қызметкердің отбасында туған. 1929 жылы ата­анасымен Свердлов қаласына қоныс аударған, осында №67 мектепті және аэроклуб курсын бітірген. Қызыл армия қатарына 1941 жылы алынған. Осы жылдың желтоқсанында ол Троицкінің Әскери­авиация мектебін бітірген.

Эскадрилья командирі гвардия лейтенанты  Карушин 1943 жылдың шілдесінде жаудың қаптаған зенит қарулары мен авиациясына қарамай 25 рет жауынгерлік тапсырмамен аспанға көтерілді. 1943 жылдың 11 шілдесінде жауынгерлік тапсырыстан оралып келе жатқанда оның самолеті шабуылға ұшырап, радисі өліп, ал Карушиннің өзі ауыр жараланды. Соған қарамастан ол самолетін аэродромға аман­есен қондырады. 1943 жылдың 28 тамызында Ахтыр ауданы маңында Ворсила өзенінен өтетін өткелді жою жөніндегі жауынгерлік тапсырманы орындау кезінде Карушиннің самолеті ауыр жарақат алып, ал ұшқыштың өзі қолынан жараланды. Осыған қарамастан тапсырыс ойдағыдай орындалды.

1943 жылдың қазан­қарашасында Днепрден өту үшін және Киевті азат ету үшін болған шайқастарда А.Карушин 38 рет жаудың бекіністеріне шабуыл жасады. 1943 жылдың 3 қарашасында Киевтің солтүстігіне орналасқан жауға шабуыл жасағанда олардың 5 танкісін, 8 автокөлігін, 30 солдат­офицерлерін жойды.

1944 жылдың тамызына дейін Карушин гитлершілердің әскери техникасы мен жанды күштерін бомбалауға және шабуыл жасау үшін 104 рет аспанға көтерілді.

КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1944 жылғы 26 қазандағы Жарлығымен Александр Федорович Карушинге Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Соғыстан кейін даңқты батыр Әскери­әуе күштерінде қызметін жалғастырды. 1951 жылы Әскери­әуе академиясын бітірді. 1981 жылдан авиация генерал­майоры А.Ф. Карушин запасқа шығып, Мәскеу қаласында тұрды. 1993 жылы қайтыс болды. Ленин, 2 рет Қызыл Ту, Александр Невский, 2 рет 1­дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз, «Отан алдындағы қызметі үшін» ордендерімен және Югославияның 2­дәрежелі

«Партизанская звезда» орденімен марапатталған.

«Есімдері ел есінде», құрастырған Абай Тасболатов

Бөлісу: