Солтүстік-Қазақстан облысындағы «Алтын күз» еңбек және демалыс лагеріне Арыс қаласынан 50-ге жуық бала демалуға келді. Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы осыған орай «Арыс балаларына» қайырымдылық шарасын ұйымдастырды».
Құрамында аналар кеңесінің, қайырымдылық клубының мүшелері мен этномәдени бірлестіктердің белсенділері бар құрама балалар үшін таза ауада нағыз думанды мереке әзірледі. Балалар ән айтып, аниматорлармен бірге би билеп, қозғалмалы ойындарға қатысты. Татар қаппен жүгіру және көңілді эстафеталар ойын-сауық бағдарламасын толықтыра түсті, ал қазақтың «Қыз қуу» ұлттық ойыны Қазақстанның әр бұрышында нағыз жігіттердің барын тағы бір дәлелдеп берді. Мерекеге қатысушылар белсенділіктері үшін арнайы сыйлықтармен марапатталды.
Белсенді ойындардан кейін балалар кескіндеме бойынша шеберлік сыныпқа қатысып, мереке сабын көпіршігінің шоу бағдарламасымен жалғасты. Ал шеберлердің түрлі трюктері балдырғандарға ерекше әсер қалдырды.
Іс-шараның соңында облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы әр балаға мектепке қажетті керек-жарақтарын сыйға тарту етті.