СҚО ҚХА Қоғамдық келісім кеңесі қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуіне қатысты сұрақтарды талқылады

21 Мамыр 2019, 15:14 3654
Петропавлдағы Достық үйінде Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы Қоғамдық келісім кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.

Қоғамдық келісім кеңесінің кеңейтілген отырысының жұмысында спикерлер қоғам үшін аса маңызды тақырыптарды қозғап, талқыға салды. Олардың маңыздысы – «7-20-25» бағдарламасы бойынша тұрғын үй ипотекасының қолжетімділігі, өңірдегі алғашқы медициналық-санитарлық көмектің қолжетімділігі, сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен табиғи монополиялар қызметтеріне тарифтерді қалыптастыру.

Сондай-ақ, «Кедергіге жол ЖОҚ/НЕТ - барьерам» әлеуметтік жобасын іске асыру бойынша мониторинг тобының қорытындылары тыңдалды.
Іс-шара соңында СҚО ҚХА медиация кабинетінің меңгерушісі Г. Мұсабаева медиация институтының облыстың қоғамдық келісім кеңестерімен өзара іс-қимылына қатысты ақпаратпен бөлісті.
Кеңейтілген отырыстың қорытындысы бойынша бірқатар шешімдер қабылданды, олардың маңыздысы: ауылдағы өмір сүру сапасын жақсартуға мүдделі аудандардың, ауылдық округтердің бастамашыл тұрғындардың қоғамдық келісім кеңесінің құрамына енгізу болып табылады.

Естеріңізге сала кетейік, Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауын іске асыруда Ассамблея аясында құрылған Қоғамдық келісім кеңестері маңызды рөл атқарады.
Бөлісу: