СҚО ҚХА хатшылығының жаңа меңгерушісі тағайындалды

27 Наурыз 2019, 07:11 2163

Қазақстан Халқы ассамблеясы облыстық хатшылығының жаңа меңгерушісі тағайындалды. Бұл лауызымға облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың келісімі бойынша Мұратбек Зейнуллин бекітілді.

Көпшілік алдында Мұратбек Беғайдарұлын өңір басшысының орынбасары Мадияр Қожахмет таныстырды. Бұған дейін Хатшылық меңгерушісі болған Наиль Салимов енді қалалық №21 орта мектептің директоры қызметіне қайта оралды.

Айта кету қажет, Мұратбек Зейнуллин 6 жыл бойы облыстық дін істері басқармасының басшысы болып жұмыс атқарды. Барша жиналған этномәдени бірлестігінің басшылары оған атқаратын қызметіне сәттілік тіледі.

Мадияр Қожахмет, СҚО әкімінің орынбасары:

- Белгіленген ережелер шеңберінде конкурс өткізілді. Оған қатысқандардың қарасы көп болды. Бірақ, Облыс әкімінің келісімі бойынша Қазақстан Халқы Ассамблеясының жаңа хатшысы болып Мұратбек Беғайдарұлы тағайындалды.

petropavltv.kz/ru

Бөлісу: