«Жаңғырған ауыл» республикалық жобасы жастарды оқыту мақсатында өндіріспен таныстыру, прогрессивті технологияларды алға жылжытуды қамтиды.
Солтүстік-Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы белсенділері облыстағы бірегей өндірістердің бірінде болып қайтты. Олар сүт өнімдерін әлемнің озық технологияларының бірі – француз жабдықтарында шығару процессімен танысты.
Бүгінгі таңда сүт өнімдерін шығарумен айналысатын кәсіпорын 30-ға жуық өнім түрін шығарады. Өндіріс процесі ең қиын, бірақ сонымен қатар қызықты процестердің бірі болып табылады. Жастар сүт цехының мамандарымен сөйлесіп, қызықтырған сұрақтарына жауап алудың жақсы мүмкіндігі пайда болды.
Сондай-ақ, серіктестіктің бас директоры Сергей Чепурко «Қазақстанның 100 жаңа есімі» ҚХА республикалық жобасының бірінші кезеңінің қатысушысы болып табылатынын атап өткен жөн.