СҚО этномәдени бірлестіктері «Салт-дәстүр» фестивалін өткізді

11 Қыркүйек 2018, 03:10 2226

Солтүстік Қазақстан облысының этномәдени бірлестіктері жылсайынғы  дәстүрлі «Салт-дәстүр» фестиваліг ұйымдастырып өткізді.

Ұйымдастырушылар мерекені өткізу тұжырымдамасына жылда өзгерістер енгізеді, жаңа қызықты элементтер қосады, Осылайша, 2018 жылғы фестивальдің конкурстық бағдарламасы үш бағыттан тұрды: салттарды көрсету интерактивтік шебер-класс, сурет көрмесі.

Өткен фестивалдің ерекшелігі әрбір этностың салт көрсетуі ғана болған жоқ. Қатысушыларға үш әртүрлі этностардың дәстүрін көрсету қажет болды. Мысалы, Ғабит Мүсірепов ауданының этномәдени бірлестіктері қазақтардың, татарлардың, украиндардың «Құда түсу» салтын көрсетті. Осындай симбиоз барлық этностардың достығын, олардың ұқсастығын көрсетті. Шынында да, кейбір салт-дәстүрлердің пайда болу тарихы өте ұқсас. Олардың маңызы әрбір этнос үшін ерекше, соған қарамастан әрқайсысы айрықша.

Осылайша, салттарды көрсетуге облыстың жеті ауданынан этномәдени бірлестіктер мен «Дуслык» татар-башқұрт орталығы қатысты.

Фестивальға қатысушылар арасында орындар келесідей бөлінді: 3 орын – «Дуслык» татар-башқұрт орталығы қоғамдық бірлестігі, 2 орын – Ғабит Мүісрепов атындағы аудан, 1 орын – Қызылжар ауданы. Тимирязев ауданының этномәдени бірлестігі Гран-при иегері атанды.

Тұңғыш рет Петропавл қаласының тұрғындары үшін қолданбалы-өнер көрмесіндегі бұйымдар интерактивтік шебер-классқа айналды, онда барлық тілек білдірушілер жауҺарларды өз қолымен дайындау технологиясына –«сұлулыққа біртабан жақындай». Қағаздан себет тоқуға, берестадан, сүйектен бұйымдар жасауға, тоқу, кесте тігу, бисер өру және көптеген істер шебер-класстың өзекті тақырыбы болды.

«Салт-дәстүр» фестивалінде алғаш рет көрме ұйымдастырылып, оның соңы қызықты конкурстармен жалғасты. Мерекелік шараға ұзын саны 120 адам қатысты.

 

Бөлісу: