СҚО-да ер адам әйелін атып өлтіріп, артынан өзіне қол салды

30 Маусым 2022, 23:28 2016

Қаза тапқан жұптың кәмелетке толмаған үш баласы Балаларды қолдау орталығына орналастырылды.

Қанды оқиға туралы үйде болған балалар хабарлаған. Оқиға орнынан аңшылық мылтық тәркіленді, деп хабарлайды El.kz порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Аталған фактіге сәйкес, ҚР ҚК-нің 99-бабы, 2-бөлігі, яғни "Ауырлататын мән-жайлар жағдайында кісі өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қаза тапқан жұптың кәмелетке толмаған үш баласы Балаларды қолдау орталығына орналастырылды.

– Оқиғаның негізгі нұсқаларының біріне сәйкес, 36 жастағы ауыл тұрғыны жанжал кезінде әйелін жаралап алған соң өзіне мылтықтан оқ атқан. Алайда тергеу нәтижелері бойынша алда қорытынды тұжырымдар жасалады, – делінген Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы таратқан хабарламада.

Қылмыстық іс бойынша қажетті сот сараптамаларының кешені тағайындалды. Іс бойынша барлық мән-жайларды анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері қолға алынды.

Тергеу барысы облыстық прокуратураның жеке бақылауында.


Бөлісу: