СҚО-да ең дәмді қымызды Жамбыл ауданында әзірлейді

20 Тамыз 2019, 10:49 2722

Петропавлда «ҚымызFest» қазақ мәдениетінің фестивалі өтті. Ол бірнеше бағытта өрбіді. карнавал-шеру, аспаздық байқау, қымыздың көрме-жәрмеңкесі.


Облыстық ассамблея өкілдері ұлттық киімдермен карнавалдың басқа қатысушыларымен қаланың орталық  көшелерімен жүріп өтті.

Ал үлкен мерекелік шеруді байкерлер, хоккейшілер, скейтбордшылар, гидроскутершілер аяқтады.


Жергілікті шеберлердің қол өнімдері мен қымыздың түр-түрлерімен таныстыратын жәрмеңке мерекеге қатысушылардың назарына ұсынылды. Погодин атындағы драма театрының алдында ән айтылып, домбыраның күмбірлеген дауысы шығып, «сақа» ұлттық ойыны ойналды.


Қазылар алқасының шешімі бойынша, карнавалдағы ең көріністі қойылым Тайынша ауданына тиесілі болды.

Балдай дәмді қымыз Жамбыл ауданында әзірленетін болып шықты. Сондай-ақ фестиваль кезінде лотерея ойнатылды. Оған бас бәйге – жылқы тігілді.

Бөлісу: