«Сұңқарлықтар» өз жоспарларын Елбасы жолдауымен байланыстырады

23 Қаңтар 2015, 11:13

«Сұңқар» студенттер кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің алғашқы отрысында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына арнаған жолдауына байланысты семинар-отырыс өтті.

ҚазҰУ-дың «Сұңқар» студенттер кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің алғашқы отрысында кәсіподақ төрайымы Айдана Сыдықованың төрағалығымен Ел президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына арнаған жолдауына байланысты семинар-отырыс өтті. Семинарда жастар Елбасы жолдауындағы өзекті бағыттарға көңіл бөліп, ойларын ортаға салды.

«Сұңқарлықтар» жиын барысында Елбасы қадап айтқан мәселелерді ой елегінен өткізіп, жастардың сол үдеден шығу жолындағы мақсат-міндеттері қарастылды. Жолдауда айтылған басым бағыттарды студент жастар отырыста кеңінен талқылады. Жиында сөз алған «Сұңқардың» белсенді мүшесі, химия және химиялық технология факультетінің 2 курс студенті Ұлжан Ораз: «Біз – жас елміз. Ал жас елдің ертеңі бізге тікелей байланысты. Яғни, жас мамандарға келіп тіреледі. Сол себепті де Елбасымыз бұл жолдауында жас мамандарды  жұмыспен қамтамасыз ету жобасын қолға алып отыр. Сол сияқты көптеген сала түрлеріне арнайы қаржы бөліп, сол салаларды дамытуда. Қазақстанның түкпір–түкпірінен кадрлар дайындауда.Бұл жолдау жеңіл және ауыр өнеркәсіптерді қолға алып, химия өнеркәсібін дамытуды, индрустиялық және әлеуметтік инфрақұрылымдарды, шағын және орта бизнесті дамытуды қолға алды. Ал, ЭКСПО-2017 – бұл Қазақ елі үшін ең бір ауыр әрі сынамалы, сомен қоса еліміз үшін пайдасы зор көрме болмақ. Барлығымыз өз еліміздің болашағы нұрлы болуына бірге ат салысайық, ағайын!»,-деп пікірін ортаға салды.

Ал, «Сұңқардың» экнонмика және бизнес жоғары мектебіндегі белсенді мүшесі Ақерке Аманжолова: «Мен бұл бағдарламаны толықтай қолдаймын және оны Қазақстанды әлемдік дағдарыстан ешқандай қауіп – қатерсіз, айтарлықтай шығынға ұшырамай, бастап алып шығар жол деп есептеймін. Себебі, ол дағдарыстың алдын алуға бағытталған. Инфрақұлымды дамыту - дағдарыстан шығудың тексерілген жолы болып табылады. Сонымен қатар Елбасымыз әлеуметтік салаларға да көңіл бөлді және алдағы уақытта осы бағдарлама бойынша елімізде ауруханалар және мектептер құрылысы одан әрі жалғасады және халқымыз тегін әрі сапалы білім және медициналық көмек ала алады. Және энергетика саласы да үлкен серпін алмақ, себебі Оңтүстік өңірлердегі электрэнергиясы жетіспеушілігін және Орталық, Шығыс аймақтардағы дефициттерді шешуде «Нұрлы жолдың» ролі зор деп ойлаймын. Елбасымыздың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» жобасы тек экономикалық өсімді емес, сонымен қатар халықтың бірлігі мен рухани келісімін арттыратын саясат деп білемін»,-деп жолдаудың басым бағыттарын атап айтты.

Жиын барысында Елбасы тапсырмаларын жастардың бірге жүзеге асыруына бастама жасаған «Сұңқар» студенттер кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Айдана Сыдықова: «Елбасы жолдауында әлеуметтік, білім-ғылым, инновациялық, инфроқұрылымдық бағыттарды барынша қамтып өтті. Осы жолдауды біз де қолдау барысында, ҚазҰУ жастары да тыс қалып жатқан жоқ. Биылдыққа өткізілетін барлық шараларды осы жолдаумен байланыстыру бағытын айқындап отырмыз. Биыл және де біздің қазақ елі үшін тарихи жыл. Өйткені, қазақ хандығының 550 жылдығы. Елбасының әрбір жылғы жолдауында әлеуметтік бағытқа көп көңіл бөледі. Қоғам болғаннан кейін, әлуемттік жағынан аз қамтамасыз етілген отбасылар бар, олардың ұл-қыздар бар. Біз сондай студенттерімізге барынша әлеуметтік қолдау көрсетіп келеміз. Сондай-ақ, әрқашан біз университетіміздегі түрлі жағдайда денсаулығына байланысты қауіп төніп тұрған студенттерге барынша қолдау көрсетеміз. Және түрлі патриоттық жастар шараларына да демеушілік жасап, қолдау көрсетіп келеміз. Біз атқаратын жұмыстар баршылық! Ректор Ғ.Мұтановтың өзі жастарға қолдау көрсете отырып, олардың да бұл мақсат-міндеттерді орындаудан қалыс қалмайтынына сенім білдіріп отыр»,-деп өз ойымен бөлісті.



Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ

Бөлісу: