Рыбакинаның Australian Open-дегі алғашқы қарсыласы анықталды

11 Қаңтар, 09:22 613

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаның Австралия ашық біріншілігіндегі алғашқы қарсыласы анықталды, деп хабарлайды El.kz.

Әлемнің үшінші ракеткасы Рыбакина  Australian Open-де де осы нөмірмен өнер көрсетеді. Ал оның қарсыласы - WTA рейтингінде 37-орында тұрған чехиялық Каролина Плишкова болмақ.

Жеңімпаз Кристина Буча (Испания) — Анна Блинкова (Ресей) жұбының қай жеңгенімен кездеседі.

Еліміздің тағы бір өкілі Юлия Путинцева іріктеуден өткен теннисшілердің бірімен кездеседі.

Australian Open-2024 14-28 қаңтар аралығында өтеді. Қазір Елена Рыбакина Аделаидадағы WTA 500 турнирінде бақ сынап жатыр.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: