Рыбакинаны жеңген теннисші Уимблдон чемпионы атанды

14 Шілде, 06:35 648

Әлемнің 32-ракеткасы, чехиялық Барбора Крейчикова Уимблдон турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Чехиялық спортшы финалда әлемнің 7-ракеткасы, италиялық Ясмин Паолинимен чемпиондық атақты сарапқа салды. Чехиялық спортшы 6:2, 2:6, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша 2021 жылы Ролан Гарроста үздік шыққан Барбора Крейчикова екінші рет «Үлкен дулыға» жарысында жеңімпаз атанды.

Теннисші Уимблдонда жартылай финалда қазақстандық Елена Рыбакинаны жеңіп кеткен еді.

Перизат Саденова
Бөлісу: