Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Индиан-Уэллсте өтіп жатқан «Мастерс» турнирін жалғастыра алмайды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұған теннисшінің денсаулығына байланысты қабылданған шешім.
Денсаулығыма байланысты Индиан-Уэллс турниріне қатыса алмаймын. Атағымды қорғағым келген, бірақ жағдай осылай болып тұр. Мені қолдауға келген барша жанкүйерге алғысым шексіз, - деді Рыбакина.
Ол қалпына келген соң міндетті түрде кортқа оралатынын айтты.
Еске сала кетейік, Елена Рыбакина екінші айналымда аргентиналық Надия Подорошкомен ойнауы керек еді.