Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина Индиан-Уэллсте (АҚШ) өтіп жатқан турнирдің 1/8 финалында жеңіліс тапты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстандық спортшы ресейлік Мирра Андреевамен кездесіп, жеңіліп қалды.
Матч екі сетке созылды. Андреева Рыбакинаны ірі есеппен – 6:1, 6:2 есебімен ұтты.
Осылайша, Елена Рыбакина беделді турнирдің ширек финалына өте алмады.