Руслан Желдібай Сарайшықтағы археологиялық жұмыстармен танысты

19 Қаңтар, 18:10 1372

Қазақстан президентінің көмекшісі Руслан Желдібай Сарайшыққа барған сапары туралы айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жошы ұлысында астана мәртебесін алып, Қазақ хандығының алғашқы хандарының ордасы болған Сарайшыққа арнайы барып, тарихи орында жүргізіліп жатқан археологиялық жұмыстармен таныстым.Биыл Ұлттық құрылтайды ұйымдастыру аясында аймақта ауқымды шаралар атқарылады, - деді Руслан Желдібай.

Ол тарихи жадты жаңғырту бойынша жұмыстар атқарылып жатқанын атап өтті.

Елімізде 2019 жылдан бері тарихи жадымызды жаңғырту бағытында үлкен шаралар жүргізіліп жатқанын білесіздер. Президенттің бастамасымен осыдан үш жыл бұрын Алтын Орданың 750-жылдығы тойланды. Биыл Жошы ұлысының 800-жылдығын атап өтеміз. Мұның бәрі - Ұлық ұлыстың тарихи мұрагері ретінде мемлекеттігіміздің тарихын түгендеп, тұғырын одан әрі бекемдеу үшін аса маңызды жұмыстар, - деді Президент көмекшісі.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: