Руслан Берденов басқа қызметке ауысуына байланысты Мәжіліс депутаты ретінде өкілеттігін аяқтайды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Руслан Берденов Tengrinews.kz-ке берген сұхбатында бұдан былай Шымкент қаласы әкімінің орынбасары лауазымын атқаратынын айтқан.
Айта кетейік, Парламент депутаты жалақы төленетін басқа қызметті қатар алып жүруге құқы жоқ, сондықтан Берденов депутаттық креслосын босатады.