«Рухы бекем, киелі мекен – Жетісу» ғылыми-танымдық экспедиция

14 Маусым 2018, 02:16 2097

І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің «Рухани жаңғыру» ғылыми білім беру орталығы және Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы ғылыми-сараптамалық тобының бірлескен кеңейтілген отырысы өтті.

Шараның мақсаты «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасын іске асыру барысын талқылау, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруда «Рухы бекем, киелі мекен – Жетісу» ғылыми-танымдық экспедициясының ІІ кезең бағдарламасын бекіту.

Жиында І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің ректоры, география ғылымдарының докторы, профессор, ғылыми-сараптамалық топтың төрағасы Қуат Баймырзаев төрағалық етті.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша университеттің гуманитарлық факультетінің деканы, тарих ғылымдарының кандидаты Амангелді Толамисов, мемлекеттік басқару және менеджмент кафедрасының меңгерушісі, экономика ғылымдарының кандидаты Гульнар Байтаева, география және экология кафедрасының қауымдастырылған профессоры, география ғылымдарының кандидаты Еркин Токпанов, Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ғабит Тұрсынбай, Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының бас маманы Сауле Сұрабалдинова сөз сөйледі.

 

Бөлісу: