«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» БАҒДАРЛАМАСЫ: АҚПАРАТТЫҚ КЕРУЕН ҚАТЫСУШЫЛАРЫ СҚО МЕН АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДА БОЛЫП ҚАЙТТЫ

17 Шілде 2019, 17:27 5547

ҚХА жанындағы «Жарасым» республикалық жастар ұйымы мен Ұлттық Дельфий комитеті «Этномәдени бірлестіктердің белсенді қатысуымен жастар арасында әлеуметтік бірлік мәдениетін дамыту» әлеуметтік жобасы аясында республикалық ақпарттық керуенмен жолға шықты.

Жоба «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ грантын жүзеге асыру мақсатында әзірленіп, оған Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі қолдау көрсетіп отыр. 

Аталған іс-шара барысында белсенді қазақстандық жастарды біріктіру үшін «Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі ережелері түсіндірілді.


Керуен ашық білім беру алаңы болып табылады және келесі бағыттар бойынша жұмыс істейді: жастар арасында жалпыұлттық бірлік мәдениетін қалыптастыру, ұлттық мәдени құндылықтарды көбейтіп, оны сақтау. Сонымен қатар әлеуметтік жобалар зертханасы – «әлеуметтік лифт» платформасын дамыту, білім берудегі инновациялар, «Қазақстандық жастардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру» бизнес-инкубаторы бағыттары бойынша секция жұмыстары ұйымдастырылды.

Кездесу барысында модератор-жаттықтырушы ретінде этномәдени бірлестіктердің көрнекті өкілдері, мәдениет қайраткерлері тартылды.


10-13 шілде аралығында Керуен Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында болды. Оның жұмысына ҚХА «Жаңғыру жолы» РЖҚ төрағасының бірінші орынбасары – ҚХА жанындағы «Жарасым» РЖҰ төрағасы Тимур Жұмырбаев, Ұлттық Дельфий комитетінің атқарушы директоры Құралай Түспекова, ҚХА «Жаңғыру жолы» РЖҚ төрағасының орынбасары Роксана Орынбасарова, ҚХА Кеңесінің мүшесі Белла Газдиева, режиссер Мейіржан Әлиақпаров, СҚО еріктілер клубының жетекшісі Лилия Гизатуллина және ҚХА «Жастар синергиясы» стартап-форумының жеңімпазы Бауыржан Салықов қатысты.


Өңірге барған кезде керуен қатысушылары шалғай елді мекендерде болып, ауыл жастарымен кездесті. Жұмыс барысында спикерлер кездесуге қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Нұргүл ШАТЕКОВА

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Авторизация бойынша ank_portal@assembly.kz мекен-жайына хабарласыңыз.

Нұргүл ШАТЕКОВА
Бөлісу: