Рудныйда төрт жұмысшы қаза тапты

Бүгiн, 13:10 165

Рудныйда төрт жұмысшы қаза тапты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Құтқарушылар тереңдігі бес метрлік бункерді тазалауға түсіп, қайта шықпаған төрт адамды алып шықты.

6 қазанда 112 пультіне Қостанай облысының Рудный қаласындағы тереңдігі 5 метр болатын бункерді тазарту жұмыстарын жүргізу барысында 4 адам түсіп, қайта шықпағаны туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем қызметкерлері олардың көз жұмғанын анықтады.

Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: