Рудныйда немістің егін мерекесіне арналған думанды шара өтті

25 Қазан 2019, 18:22 2819

Қостанай облысында «Возрождение» неміс этномәдени бірлестігі Егін мерекесін атап өтті.


Қауым әдеттегідей биыл дәстүрлі «Erntedankfest» мерекесін неміс үйінде емес, рудныйлық мектеп сарайы негізінде өткізді. Концерт алдында қонақтар фойеде орналасқан балалардың жыл бойы қолданбалы өнер үйірмесінде өз қолдарымен жасаған жұмыстарын тамашалай алды. Бұл жерде кестелер, аппликациялар, моншақтан жасалған әшекейлер және көркем суреттер көрермендер назарына ұсынылды.   


Көрме бойынша экскурсия өткізген қауым төрағасының орынбасары Елена Шик Рудныйдағы балалар өте белсенді екенің атап өтті: олар тек қолөнермен айналысып қоймай, театралдық үйірмелерге белсенді қатысады және де «Шпигель» ұжымында билейді. Көп жылдар бойы оның жетекшісі Любовь Батурина болып келеді.


«Барлық қосымша сабақтар біздің мәдениет орталығымыздың демеушілігінде. Ортақ еңбек жемістерін көру өте қуанышты. Осы мереке театр мен би ұжымымен бірге ұйымдастырылды. Таңдау нақты Рудный қаласына түсті, өйткені осы балаларға да қуаныш сыйлағымыз, іс-шараға мәртебе беріп, өңірлерде осындай деңгейде іс-шаралар өткізуге болатындығын көрсеткіміз келді», дейді Елена Викторовна.


Көрмені көріп болған соң көрермендер залға жайғасып, кішкентай әртістер орныдаған неміс ертегісін тамашалады.


- Ерте заманда шаруалар егінді қорғайтын, өсуге көмектесетін өздік ерекше рух болғандығына сенген. Немістер ғасырлар бойы келе жатқан сенім арқылы шаруаға көкөністердің өсіп жетілуіне рух көмектеседі деген сенім-нанымдары болған.


Егер адам тәжірибесіз және білмегендіктен рухты ашуландырса, онда қыста оның отбасы аш қалуы мүмкін деп сенген. Сондықтан шаруалар рухты ашуландырмай, көп жақсылық жасаған.


Сахнаға бірінен соң бірі шығып балалар қызықты қойылымдар, күлкілі билер билеп, неміс тілінде көрермендерге жұмбақтар жасырып, соларға жауап алып отырды.



Бөлісу: