Рудныйда білім бөлімінің басшысы 18 млн теңге жымқырды деп айыпталды

12 Тамыз, 15:28 463

Қостанай облысының прокуратурасы балаларға жолдама беру туралы істі аяқтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Облыстық прокуратура мәліметінше, Рудный қаласының прокуратурасымен «Рудный қаласының білім бөлімінің» Балалар тәрбие-сауықтыру кешені» КМҚК қызметін тексеру барысында аса ірі мөлшерде ақша қаражатын ұрлау фактісі анықталды.

Осы факт бойынша арнайы прокурорлар Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізді, яғни сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иелену немесе ысырап ету. Тергеу барысында балалар кешенінің қызметкері 2022-2023 жылдар кезеңінде балалардың сауықтыру орталықтарына жазғы маусымға жолдама сатып алғаны үшін азаматтардан алынған 18 млн теңгеден астам ақшалай қаражат иемденгені анықталды, - делінген мәліметте.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу аяқталып, қылмыстық іс сотқа жіберілді.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: