Рудныйда әйелімен ұрысып қалған ер адам аязда үсіп қала жаздады

16 Наурыз, 16:20 763

Рудныйда 62 жастағы тұрғын әйелімен ұрысып қалып, боранды күні үсіп қала жаздады. Ер кісі саяжайға бара жатып, қар құрсауында қалып қойған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ер кісі жолда көлік тоқтатып, діттеген жеріне жетпек болған. Алайда ауа райының қолайсыздығына байланысты жолдар жабылған соң көлік иесі оны жолда түсіріп кеткен. Ер адам 1,5 шақырымды жаяу жүріп өткен.

ІІМ Telegram-арнасының жазуынша, кешкі уақытта күзетшілер аумақты бақылап жүріп адам іздерін аңғарған.

Іздерді көріп, ұрылар екен деп ойладық. Алайда от жағып, жылынып отырған адамның үстінен түстік", - дейді күзетшілердің бірі.

Оқиға орнына патрульдік полиция қызметкерлері Серік Оспанов пен Асхат Алдешов келді. Ер адам астматик  және қатты суықтан аяқтары тартылған.  

Зардап шеккен адамға жедел жәрдем шақырылып, дәрігерлерге тапсырылды. Адасқан ер адамның жұбайы күйеуін құтқарғандарға алғыс білдірді.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: