Роза Рымбаева қанша тілде ән орындағанын айтты

6 Қараша 2023, 10:33 1097

Халық әртісі Роза Рымбаева «Хабар» арнасындағы «Алғашқы» бағдарламасында Қытай тілінде ән орындады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Роза Қуанышқызы тілшінің «қанша тілде ән орындадыңыз?» деген сауалына міндетті түрде барған мемлекеттің тілінде ән орындауға тырысатынын алға тартты. Кейіннен барған елдерінің бірі Қытайда да сол тілде ән айтқан

Ең алғаш Парижге барғанда, әлі студентпін, сонда француз тілінде ән шырқасам, Германияда неміс тілінде айттым. Былтыр Қытайға барып, қытайша ән айттық. Қытайлар жоғары баға берді. Әйтпесе тілді білмеймін, акцентім де бар. Соған қарамастан мақтауын жаудыртты. Ол әннің аудармасы мынадай: мен сахнада ән шырқап тұрмын, дегенмен сен қасымда жоқсың, сол үшін де өзімді жалғыз сезінемін. Яғни махаббат жайлы туынды ғой. Жақында Башқұртстанға бардым, жергілікті тілде ән шырқайын деп дайындалдым. Оркестр тұр, әннің сөзін ұмытып қалсам бола ма... Көзім бақырайып тұрмын. Әр музыканттың қасына барып сөзін сұраймын, олар да білмейді екен. Абырой болғанда, халық өздері бастап айтып кетті. Көрерменге қосылып, сөздері де есіме түсті, - деді халық әртісі.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: