Роза Әшірбаева қыздарға «жақсы байға тиіңдер» деп ақыл айтатындарға жауап берді

6 Қазан 2023, 14:01 1747

Коуч Роза Әшірбаева «Әдемі әңгіме» бағдарламасына берген сұхбатында тұрмысқа шықпас бұрын қыздар арасында жиі кездесетін мәселелерге тоқталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Бізде университеттерде кейбір мұғалімдер қыздарға «оқып неғыласың? Одан да сабақты Әділет айтсын. Қыздар, ең дұрысы, жақсы байға тиіңдер» деп айтады. Қыз баласына қазақ қоғамында «бәрібір күйеуге тиесің, сенің тұрмысқа шығуың – жетістікке жетуің» деп үгіт-насихат жүргізеді. Оларға «білім ал, ақша тауып барып, көзіңді ашып, күйеуге тиетін жігітіңді дұрыс таңда. Оны тексеріп ал, жігіт екен деп кете берме» деген ақыл айтылмайды. Содан қыздар көп алданады. «Маған тұрмысқа шықсын деп жатыр ғой» деп кез келген жігітке шыға салады, - деді ол.

Роза Әшірбаева кез келген бойжеткен тұрмысқа шықпас бұрын ескеруі қажет басты дүниелерді атады.

Мұны естіген қыздар «біз көп нәрсені түсіндік, жігіттерге сыни көзқараспен қарай бастадық» деп айтады. Сондықтан бойжеткендер, ең бастысы, білім алып, өзінің ақшасын тауып, жігітін бастан аяқ тексеріп алуы қажет, - деді коуч.

 

 

 

Ажар Лаубаева
Бөлісу: