Роналдудың клубы енді «Бавария» шабуылшысын сатып алмақ

29 Шілде 2023, 01:34 921

Португалиялық Криштиану Роналду ойнайтын Сауд Арабиясының «Әл-Наср» клубы Мюнхеннің «Бавариясынан» Садио Манені сатып алмақ, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Танымал инсайдер Фабрицио Романоның мәліметінше, клубтар арасындағы келіссөздер аяқталуға жақын.

«Әл-Наср» сенегалдық шабуылшы үшін 37 млн еуро төлеуге дайын. Футболшының агенті келісімшарттың жеке талаптарын қарап жатқан көрінеді.

Мане «Баварияға» былтыр жазда «Ливерпульден» ауысқан. 38 матчта ол 12 гол соғып, алты нәтижелі пас берді.

Берік Арманов
Бөлісу: