Роман Скляр мен Ресей Үкіметі төрағасының орынбасары Каспий құбыр консорциумының жұмысын талқылады

11 Маусым, 00:30 480

Петербург халықаралық экономикалық форумы аясында Қазақстан Үкіметі басшысының бірінші орынбасары Роман Скляр РФ Үкіметі төрағасының орынбасары Александр Новакпен кездесті, деп хабарлайды primeminister.kz-ке сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі. 

Келіссөз барысында екі елдің экономика және отын-энергетика саласындағы ынтымақтастық мәселелері қаралды. 

Тараптар Каспий құбыр консорциумының (КҚК) тұрақты жұмысын атап өтті. 

Көкшетау, Семей және Өскемен қалаларында үш көмір жылу электр станцияларын салу жөніндегі ірі жобаны іске асырудың басталуына байланысты мәселелерге ерекше назар аударылды.

Зарина Арман
Бөлісу: