Роман Скляр мен Қанат Бозымбаев немен айналысады? Премьер-министр жауап берді

2 Сәуір, 11:28 1086

Премьер-министр Олжас Бектенов орынбасары Роман Скляр мен жақында ғана вице-премьер қызметіне тағайындалған Қанат Бозымбаев қандай салаларға жетекшілік ететінін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысының жарлығымен Қанат Бозымбаев премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалды. Қанат Алдагербенұлы өңірлік саясат, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, су реурстары және төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою мәселелеріне жетекшілік ететін болады. Ал Роман Скляр құрылыс, энергетика, көлік инфрақұрылымы, логистика, өнеркәсіп, жер қойнауын пайдалану, инвестициялық жобаларды іске асыру және тағы басқа ауқымды мәселелермен айналысады. Бұл мемлекет басшысының ауқымды инфрақұрылымдық бастамаларын іске асыру жағдайында аса маңызды саналады, - деді Олжас Бектенов.

Үкімет басшысының айтуынша, қазіргі уақытта Қанат Бозымбаев төтенше жағдайлар министрімен бірге өңірлерде жағдайды тұрақтандыру үшін атқарылып жатқан жұмыстардың тікелей басында-қасында жүр.

Айта кетейік, 31 наурызда Қанат Бозымбаев вице-премьер болып тағайындалған. 

Мадина Асылбекова
Бөлісу: