Роман Скляр Ақмола облысындағы ЖЭО жұмысын тексерді

5 Қазан 2023, 18:22 631

Ақмола облысына жұмыс сапары аясында премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Степногорск ЖЭО-да болды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. 

Жылумен жабдықтау объектісі қаланың және Заводской кентінің секторын, сондай-ақ елді мекен аумағындағы кәсіпорындарды қамтамасыз етеді.

Жылу беру маусымына дайындыққа алғаш рет шамамен 5 млрд теңге бөлінді, оның 2 млрд теңгесі Үкімет резервінен жіберілді.

ЖЭО-да жеті турбогенератор жөнделді, төрт қазандық агрегатына күрделі және ағымдағы жөндеу жүргізілді.

Жұмыстар бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде.

Жылу трассасының 14 км тозған учаскелері ауыстырылды.

Роман Скляр Үкімет тарапынан барлық қажетті қолдау көрсетілетінін атап өтті.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: