Робототехника чемпионатының жеңімпаздары марапатталды

26 Қазан 2022, 14:22 1895

Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің ресми сайтында жарияланды

Женевада 167 елдің оқушылары қатысқан «First global challenge» жас робототехниктердің халықаралық жарысы өтті, деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің ресми сайтында жарияланды.

Бұл сайыста қазақстандық оқушылар 16 ойын матчын өткізіп, соның бәрінде жеңімпаз атанып, ұпай саны бойынша рекорд орнатты.

Республика күнінде Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдинов Алматы қаласындағы Оқушылар сарайында болды. Бұл мекемеде Alatau Creative Hub коворкинг-орталығының базасында Smart-sarbaz республикалық әскери-патриоттық орталығының үйірмесі жұмыс істейді. Әскери ведомство атынан ол талантты робототехниктерді жеңісімен құттықтап, оларға грамоталар мен естелік сыйлықтар табыс етті. 

- Ел басшылығы жастарды қолдау бойынша үлкен жұмыс жүргізуде. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде мұндай жеңістердің маңыздылығын әрдайым атап көрсетеді. Олар ұлттың рухын көтереді. Сендердің жеңістерің бұған айқын дәлел, - деді министрдің орынбасары мектеп оқушылары алдында сөйлеген сөзінде.

Кездесу барысында Ustem Robotics робототехниканы дамыту қорының басшысы Асылбек Мырзахметов «Жас сарбаз» қозғалысының тәрбиеленушілеріне арналған Smart Sarbaz робототехниканы дамыту бағдарламасын таныстырды. Соның арқасында олар әскери инженерия, робототехника негіздерін біліп, жасанды интеллект құруда өз күштерін сынап көре алады.

Бөлісу: