Өрмекшікенттің орны қазіргі Үрімші оңтүстігі

15 Қазан 2014, 11:39

Бұрынғы астанасы Өрмекшікентте туылған бір трагедияны сөз еткемін. Сол сөздегі Өрмекшікенттің орны қазіргі Үрімші оңтүстігі еді. Бұл осы қаланың кешегісі жайлы аңызға ғана сүйен беген.

Адамзаттың ертеден бергі қонысы саналған бұл Ұлы Дала мəдениет пен өркениет өңірінен де ерте дамыған. Егер арғы кездегі жартылай көшпенді, жартылай отырықты салт, сыртқы күштің ес шығаруы (əсіресе ХІІІ ғасырдан соң билікке келгендердің ертуі мен итеруі) салдарынан жартылайдан жабал көшпенділікке қарай өзгеріп кетпегенде, сосын отырықтыларға “жатақтағы кедейлер” санап мұрын шүйірмегендебұл Ұлы Дала жұрты (сол қатарда үйсіндер) ешкімнен де қалыспаушы еді. Оған бұл өңірдің Сыма Чян мен Бан Гуден бұрынғы мəдениеті-ақ дəлел бола алады.

Айтқандарымызды нақты дерекпен қостай түсейік. Алғашқы мысалды автор отырған ҚХР-дағы Үрімші қаласынан алайын.

Бұрынғы астанасы Өрмекшікентте туылған бір трагедияны сөз еткемін. Сол сөздегі Өрмекшікенттің орны қазіргі Үрімші оңтүстігі еді. Бұл осы қаланың кешегісі жайлы аңызға ғана сүйен беген. Үрімшінің Ұлы Даланы қоныстанған ата-бабаларымыздың арыдан бері шоғырлы отырған елді мекені, тіпті алғашқы кенттерінің бірі екеніне сенімге сүйенген. Сол сенім жуықтан бері күшейе түсуде.

2009 жылдың 18 маусым күнгі «tianshannet» сайытының жəне 2010 жылдың 18 наурызындағы «Чынбаудың» (Таң газетінің) хабарлауынша (тілші Жин Шаубиң, т.б. ), Үрімші мұражайы Үрімшінің оңтүстігіндегі Тəңіртау (Тяньшань) етегінен (Сағынсай полигонынан) 180 обаға археологиялық қазу жұмысын жүргізгенде табылған 300-дей мəдени мұраны көрермендерге ұсыныпты. Ана суреттегілер солардың бір бөлігі ғана. Ғалымдар бұлардың ең бері болғанда 2700 жылдың алдындағы дүниелер екенін анықтады. Астынғы оңжақ суреттегі – білезік, бояуқұты, мыс айна. Оның оң жағындағы суреттегілер – сүйек жəне мыс масақтар мен ауыздық, пышақ, т. б. Жоғарғы суреттерде ежір шөлмекше (құты) мен мыс қару. Сол тараптағы - ағаштан жасалған адамның бет мүсіні. Бет мүсін бұдан 3800-4000 жыл бұрынғы нəрсе екен. Оның ұзын тұмсығы былайда баяндалатын ата тегіміздің əу баста қандай бет əлпетті екеніне тіпті де дəлел болғалы тұр. Ал бұл мұражайда ШҰАР-дың өзге тұстарынан табылған, осылармен замандас 120-дай мұралар тағы бар.

Енді автордың туылған жері ҚХР Тарбағатай аймағындағы Шаған тоғай ауданына барайық. Жуықта Қытай Ғылым Академиясының Археология институтының ғалымы Чын Ляңуей бастаған топ сондағы Алтынеміл ауылындағы Бəйбіше суқоймасының екі (шығыс, батыс) жағынан, ШҰАР тарихында сирек кезігетін, 200-ден астам тас қоршаулы, тас үюлі зираттарды тапты. Қоршаулы 6 зираттың тас шеңберінің диаметрі ең үлкенінде 28 метр, ең кішісінде 12 метр екен. 

Сұлтан Жанболат, "Ежелгі ұлыс тарихы".

Бөлісу: