Рита Пирсон: Әр баланы ынталандыра білу керек

5 Қыркүйек 2014, 07:10

Пирсон ханымның ойынша, оқушылардан кешірім сұрай білу – ұстаз бен шәкірт арасындағы жақсы қарым-қатынасты үдете түсетін бір факторлардің бірі.

Рита Пирсон: Әр баланы ынталандыра білу керек

Ұстаздық - ең ежелден келе жатқан кәсіптердің бірі. Ұстаз шәкіртіне оң жол көрсетіп, жігерлендіріп, оған қоса, оқушысын рухани дамыта білуі тиіс. Сол себепті, мұндай жауапкершілігі аса жоғары кәсіпте ұстаздың ісіне деген қарым-қатынасы өте маңызды рөл атқарады. Орыстың ғұламасы атақты Лев Толстой «Мұғалім өн бойына, өз ісіне, шәкіртіне деген сүйіспеншілікті жинақтаса ғана ол – нағыз ұстаз» – деген екен. Осы пікірді TED Talks бағдарламасының қатысушысы, 40 жыл ұстаздық тәжірибесі бар америкалық Рита Пирсон ханым да қуаттайды.

Р. Пирсонның айтуы бойынша оның ата-анасы, нағашы атасы мен әжесі де бүкіл ғұмырын ұстаз болумен өткізген.  Әрине соншама уақыт ішінде білім реформаларын барлық жағынан егжей-тегжейлі зерттеп білесің дейді Рита ханым. Ол реформалардан бөлек оқушылардың мектеп үлгеріміне әсер ететін біз білетін негізгі факторлар бар, олар: кедейшілік, сабаққа дұрыс қатыспау немесе құрбы-құрдастарының жағымсыз әсері. Алайда, біз талқыламайтын немесе бұрыс талқылайтын тағы да бір тақырып бар. «Бұл – адамдар арасындағы байланыстың құндылығы мен маңыздылығы». Яғни, адамдар арасындағы қарым-қатынас. Рита ханымды көп кісі оның балаларды жақсы көріп, жақсы қарым-қатынаста болғандығын күлкі еткендер де болған. Ол «маған балаларды жақсы көргенім үшін емес, сабақ оқытқаным үшін ақша төлейді. Сабағымды үйретемін, олар үйренеді. Бары осы» – дейтіндердің бар екенін де айтады. Пирсон ханымның ойынша, мұндай ұстаздардың мектеп қабырғасындағы өмірі өте қиын өтеді. Себебі, балалар өзіне ұнамайтын кісіден ештеңе үйренгісі келмейді де, үйренбейді де.

Пирсон ханымның ойынша, оқушылардан кешірім сұрай білу – ұстаз бен шәкірт арасындағы жақсы қарым-қатынасты үдете түсетін бір факторлардің бірі. Егер сіз қате жібергеніңізді мойындап, қателеріңіз үшін кешірім сұрай білсеңіз, оқушы алғашқыда сасып, есеңгіреп қалып, одан кейін сізге деген құрметтік сезімі артады. Өмірінің басқа бір бөлігінде Рита ханым тақырыптан қалып қойған, білімі төмен сыныппен жұмыс істегенде жылап та алғандығын айтты. Оған 9 ай ішінде қалып қойған мектеп бағдарламасын қуып жету керектігін тапсырған. Біраз күн ойланып, сынып оқушыларын жинап, Рита ханым бір күні былай депті: «Менің сыныбыма түскендіктен, сендер таңдаулысыңдар, өйткені мен ең жақсы мұғаліммін, ал сендер ең жақсы оқушыларсыңдар. Тағдыр бізді бір жерге жинағандықтан біз барлығына кім екенімізді көрсетуіміз керек». Осындай сөздерден кейін әлгі оқушылардың өздеріне деген сенімдері артып, мектептегі үлгірімдері біршама жақсарған. Оған қоса, олар өзара достасып, Рита ханымның тығыз қарым-қатынас орнатқан.

                                   Мақаланың толық видео-нұсқасын мына сілтемеден көре аласыз:

                                                http://www.ted.com/playlists/182/talks_from_inspiring_teachers

                                                                        Материалды дайындаған: Нұрғазы Абжанов

Бөлісу: