Рио Олимпиадасындағы ең әдемі формалар

5 Тамыз 2016, 11:10

Рио-2016

Олимпиада ойындарына әр мемлекет тыңғылықты дайындалатыны белгілі. Физикалық дайындықпен қатар бұл жарыста әр мемлекеттің киген киімдері де сынға түседі. Сонымен биыл қай мемлекеттің киім үлгісі алғашқы орында?

1 – орын

Бірінші орынды мамандар Канада мемлекетіне беріпті. Олардың киім үлгісі басқаларға қарағанда заманауи әрі өте ыңғайлы деседі.

2 –орын

Екінші орында атақты боксшыларымен белгілі Куба елі орналасқан. Қызыл түсті костюммен қара түсті шолақ шалбар спортшылардың үстінде ерекше сәнді көрінеді.

3 – орын

Қола жүлдені Оңтүстік Корея спортшылары алды. Олар жартылай классикалық үлгіде және ерекше қалпақтарымен көзге түсті.

4 –орын

Төртінші орында британдықтар. Оларды Оңтүстік Корея мемлекетінің антонимі деуге болады. Дизайнерлер Бразилия астанасында күннің ыстық екенін ескеріп, киім үлгісін барынша қысқа әрі спорттық үлгіде тіккен.

5 – орын

Үздік бестікте атақты Швеция құрамасы орналасқан. Олардың киім үлгісін атақты H&M компаниясы арнайы тіккен. Мемлекеттің символы саналатын сары түсті негізге ала отырып жасалған бұл формаға ең заманауи маталарды қолданған. 


Рустем ӘЛПИ 

Бөлісу: