Мәжіліс депутаты, айтыскер ақын Ринат Зайытов Қасқа жол YouTube арнасына сұхбат беріп, өңірлерде мемлекеттік қызметкерлер арасында өзгеріс болғанын қаламайтындар көп екенін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқи отырыңыз:
Тілшінің «президенттің тапсырмалары орындалып жатыр ма?» деген сауалына ол былай деп жауап берді:
Толық орындалып жатыр деп айтуға болмайды. Керісінше, 30-40 пайызға әрең жетіп отыр. Өте өкінішті. Президент бұған дейінгі де, бүгінгі жолдауында өте мықты бастамалар көтерді. Бірақ Астанадан өңірлерге жеткенше мүлде өзгеріп кетеді. Облыстарда өздерінің қожа-құдайсымақтары бар. Өңірлерде мемлекеттік қызметтегі жауапты тұлғалар ешқандай жанашырлықпен қарамайды, жүректерінен ондайды байқамаймын. Керісінше, ешқандай өзгеріс болмаса екен деп, жұмыс істегісі келмей отырғандар көп, - деді Зайытов.