Ринат Зайытов мемлекеттік сатып алуға қатысатын делдалдарды жазалауды ұсынды

2 Маусым 2023, 16:21 700

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов мемлекеттік сатып алуға қатысатын жауапкершілігі жоқ тұлғаларды жазалауды ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.


Мектептер мен балабақшалардағы күзет қызметін мемлекеттік тапсырысқа беруді алып тастасақ. Осы ұсынысты қарастырыңыздаршы. Өздеріңіз де білесіздер, бәріміздің баламыз бар. Мектепке тендерді жеңіп алып, 60-70-тегі апалар отырады. Олардың мектепте қауіпсіздікті қамтамасыз ететіндей шамасы жоқ. Осыны есепке алсаңыздар, - деді Ринат Зайытов.

Депутат мемлекеттік сатып алудың ең үлкен мәселесі - делдалдар екенін атап өтті.

Жеңіп алып, “10 пайызын алып қаламыз, бұл жұмысты білмейміз, өздерің істей беріңдер”, - деп беті бүлк етпей келіп тұрады. Бар қолданатын шарамыз - оған шағым түсіреміз, содан қара тізімге енеді. Ал оның тағы осындай 18 фирмасы бар. Бір фирмасы қара тізімге енгеннен дым өзгермейді. Сондықтан, шағымдану фактілері расталмаған кезде өтінім берушіден бюджет кіріснен сатып алуға қатысылған енгізілген сомаларды ұстар қалу дейді. Неге біз ұта алмаған адамға қайта-қайта жүктей береміз? Керісінше, ұта алмаған адамға шара қолдану керек болса, шағымды ақылы қылу керек. Ал жаңағыдай қара тізімге енетін компаниялардан гөрі нақты жұмыс істей алмайтыны анықталса, тапсырыстың қаржысының көлемінің белгілі бір пайызын төлесін. Өйткені, ол жұмыстың бәрін бөгеді ғой. Жоспарланған жұмысты тоқтатты, сосын өзі білмейтін салаға кірісіп, мемлекеттен сатып алады. Ешқандай жауапкершілікке тартылмайды, - дейді Ринат Зайытов.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: