Риддерге жаңа әкім тағайындалды

4 Тамыз 2023, 11:40 1085

Батырбаев Дәулет Бақытұлы Риддердің жаңа әкімі атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ол 1976 жылы туған (47 жаста). Екі жоғары білімі бар.

Шығыс Қазақстан облысының Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасын басқарды. Ұлан, Бесқарағай аудандарында әкім болды, кен өнеркәсібі кәсіпорындарында, мемлекеттік басқару органдарында жұмыс тәжірибесі бар.

Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: