Риддерде 30 саяжай мен оған баратын жолды су басып қалды

27 Қаңтар, 20:43 1039

Лениногор гидроэлектр станциясы өте көп мөлшердегі суды жібергендіктен Громуха өзенінің жағалауына жайылып, сол маңдағы саяжайлар мен жеке жер учаскелерін басқан, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап.

Тұрғындар көктемде қар ерігенде жағдайда ойпатта жатқан жер үйлерді су шайып кете ме деп алаңдаулы. Сондықтан халық қазірден бастап тиісті құжаттарын әзірлеп, жауапты мекеме өкілдерінен шығындарды өтеуді талап етіп жатыр.

Ал кәсіпорын инженерлері оқыс жағдайдың алдын ала болжау мүмкін емес екенін айтады.

Перизат Саденова
Бөлісу: