«Риддер ЖЭО» АҚ жөндеу науқаны қалай болып жатқаны айтылды

7 Тамыз 2023, 22:02 786

Энергетика министрлігі «Риддер ЖЭО» АҚ станциясын жөндеу барысымен танысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

2023 жылғы 7 тамызда Энергетика министрлігі Атом және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің төрағасы Сұңғат Есімхановтың 2023-2024 жж. жылыту маусымына дайындық барысын бақылау жөніндегі Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары өтті.

Төраға «Риддер ЖЭО» АҚ станциясына барып, энергетикалық жабдықтың ағымдағы жай-күйімен, жөндеу науқанының өту барысымен танысты. 

Энергетикалық кәсіпорнының басшылығымен жылыту маусымынан өтудің өзекті мәселелері, оның ішінде алдағы жылыту маусымына дайындық шеңберінде жөндеу жұмыстарын уақтылы, сапалы жүргізу тәуекелдері талқыланды.

«Риддер ЖЭО» АҚ-ға жылыту маусымына дайындық үшін 8 мердігер және 3 жобалау ұйымы тартылған. Бүгінгі күні №1-6 ст. барлық қазандықтарына күрделі жөндеу, отын беруді жөндеу, қазандықтарды күрделі жөндеу, ғимараттар мен құрылыстарды жөндеу жүргізіліп жатыр. Станцияға мердігерлік ұйымдардың 200-ге жуық қызметкері жұмылдырылған.

Комитет негізгі жабдыққа жөндеу жұмыстарын жүргізу барысына тұрақты негізде мониторинг жүргізеді.

Перизат Саденова
Бөлісу: