Риддер қаласына жақын Батыс-Алтай мемлекеттік табиғи қорығындағы өрт толғымен өшірілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі
Белгілі болған ақпарат бойынша отқа оранған орман аумағы 6 гектарға жеткен.
Өрт сөндіруге қатысушылардың үйлескен іс-әрекеттерінің арқасында Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығы аумағындағы өрт 6 сағат 45 минутта тежелді", - деді ТЖД қызметкерлері.
ШҚО-ға жаңадан тағайындалған әкім Ермек Көшербаев Риддердегі өрт ошағына барып, жағдайды бақылауда ұстаған. Сондай-ақ, шығыс өңірде тағы бір орман өрті жанып жатыр. Оның көлемі 15 гектарды асқаны айтылды. Тілсіз жауды сөндіруге 123 адам, 3 бірлік техника және ШҚО әкімдігінің авиация бөлімшесінің 2 тікұшағы жіберілгені белгілі болды.