Режеп Тайип Ердоған қазақ халқына алғыс білдірді

13 Қазан 2022, 13:44 841

Қазақстан басшысын саммит отырысында қабылданған шешімдермен құттықтады

Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес (АӨСШК) саммитінде қазақ халқына алғыс білдірді, деп хабарлайды El.kz ҚазАқпарат тілшісіне сілтеме жасап.

«Құрметті менің бауырым Қасым-Жомарт Тоқаев, құрметті мемлекет басшылары, құрметті үкімет басшылары! Мен бұл жерде АӨСШК мәжілісіне қатысып отырғаныма қуаныштымын. Тоқаев мырзаға жеке және бүкіл қазақ ағайындарға осындай қонақжай шара үшін алғыс білдіремін. Сондай-ақ, осы мәжіліске қатысып отырған Кувейтке қош келдіңіздер демекпін», - деді Түркия басшысы.

Сондай-ақ, Қазақстан басшысын саммит отырысында қабылданған шешімдермен құттықтады.

«Құрметті достар, мен бүгінгі саммит біздің кеңесті халықаралық ұйымға айналдыру туралы шешім қабылдайтынына өте қуаныштымын. Қазақстан Президентін соның басшылығымен жасалған сенімді қадамның арқасында кеңесіміздің түрленіп жатқанына орай құттықтаймын. Бүкіл мүше елдер кеңесіміздің түрленуі процесіне барынша үлес қосатынына сенімдімін», - деді Режеп Тайип Ердоған.

Бөлісу: