Республикалық жас пианистер байқауының жеңімпаздары анықталды

14 Желтоқсан, 21:31 413

Астанада Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қазақ ұлттық өнер университеті ұйымдастырған жас «Astana Piano Passion» II Республикалық жас пианистер байқауы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өнер сайысы ұлттық фортепиано мектебін дамыту, дарынды жас музыканттарды анықтау және қолдау, классикалық, академиялық музыканы, фортепианолық орындаушылықты және Қазақстан композиторларының музыкасын дәріптеу мақсатында өткізілді.

Министрлік мәліметінше, конкурсқа ел аумағында мәдениет және өнер саласындағы білім беру ұйымдарында «Фортепиано» мамандығы бойынша білім алып жатқан 7-18 жас аралығындағы жас пианистер қатысты.

Байқау 4 жас санаты бойынша өтті. Олар – 7-9 жас, 10-12 жас, 13-15 жас және 16-18 жас аралығындағы өнерпаздар.

Өнер сайысы аясында Беларусь мемлекеттік музыка академиясының арнайы фортепиано кафедрасының меңгерушісі, профессор Владимир Дулов пен Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, халықаралық конкурстардың лауреаты Әмір Тебенихин шеберлік сабақтарын өткізді.

Биыл байқауға Павлодар, Қарағанды, Өскемен, Ақтау, Алматы және Астана қалаларынан 60 жас пианист қатысты.

Гран-при иегері – Даниал Дюсембаев (оқытушысы Асабаева Сара Шәкірқызы).

«А» санаты (7-9 жас):

«В» санаты (10-12 жас):

«С» санаты (13-15 жас):

«D» санаты (16-18 жас):

Зарина Арман
Бөлісу: