Республикалық трассалардың 11 учаскесінде қозғалыс қалпына келтірілді

24 Ақпан 2023, 09:52 933

Еліміздегі республикалық маңызы бар трассалардың 11 учаскесінде қозғалыс қалпына келтірілді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі ҚазАвтожолға сілтеме жасап.

Ақмола облысында:

«Екатеринбург-Алматы» тас жолы, 1291-1353 км, Астана қаласы - Қарағанды облысы учаскесі.

«Астана-Ерейментау-Шідерті» тас жолы, 16-200 км, Астана қаласы - Павлодар облысы учаскесі.

«Астана-Петропавл» тас жолы, 18-231 км, Астана қаласы - Шучинск учаскесі.

«Көкшетау-Атбасар» тас жолы. 0-184 км, Көкшетау қаласы - Атбасар учаскесі.

Қарағанды облысында:

«Екатеринбург-Алматы» тас жолы, 1353-1426 км, Ақмола облысы - Теміртау қаласы учаскесі.

«Қызылорда-Павлодар» тас жолы, 1206-1135 км, Молодежный ауылы - Павлодар облысы.

«Екатеринбург-Алматы» тас жолы, 1505-1854 км, Жұмабек ауылы - Балқаш қаласы учаскесі.

Павлодар облысында:

«Қызылорда-Павлодар» тас жолы, 1206-1367 км, Ленинский ауылы - Шідерті ауылы учаскесі.

«Астана-Ерейментау-Шідерті» тас жолы, 200-254 км, Ақмола облысы - Шідерті ауылы учаскесі.

«Қызылорда-Павлодар» тас жолы, 1206-1135 км, Шідерті ауылы - Қарағанды облысы учаскесі.

ШҚО бойынша:

«Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катон-Қарағай-Рахмановские ключи» тас жолы, 6-166 км, Ушановское ауылы - Алтай қаласы учаскесі.

Ақтөбе облысында:

«Ақтөбе-Атырау-РФ шекарасы» тас жолы, 12-330 км, Ақтөбе қаласы - Атырау облысы учаскесі.

Атырау облысында:

«Ақтөбе-Атырау-РФ шекарасы» тас жолы, 330-346 км, Ақтөбе облысы - Сағыз ауылы учаскесі.

ҚазАвтоЖол 24 ақпан сағат 8:40-тағы жаңартылған ақпаратқа сәйкес 7 өңірде ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар автожолдардың 18 учаскесі әлі де жабық тұрғанын мәлімдеді.

Жол қозғалысы шектелген тасжол учаскелерінің жалпы ұзындығы 2 018 шақырымды құрайды. Бұл республикалық маңызы бар автожолдар желісінің 8%-ы.

Жол қозғалысына енгізілген шектеулер Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында сақталып тұр.

Бүгін республикалық желіде 400 арнайы техника және 530 жол жұмысшысы жұмыс істеуде.

Осыған дейін, ауа райының қолайсыздығын байланысты  еліміздің 7 өңірде жол қозғалысына шектеу енгізілгенін хабарлаған болатынбыз. 

EL.KZ
Бөлісу: