Республикалық маңызы бар жолдардың 21 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу қойылды

13 Қаңтар, 03:00 1059

6 облыстағы республикалық маңызы бар автожолдардың 21 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ желі парақшасында жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жабылған жол учаскелерінің 3-уі Ақмола облысында, 2-уі Ақтөбе облысында орналасқан. Жамбыл облысында – 1 учаске, Жетісу облысында – 2 учаске, Қостанай облысында – 11 учаске, Солтүстік Қазақстан облысында – 2 учаске. Республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп ұстауға 280 техника және 373 жолшы жұмылдырылды.

Оқи отырыңыз: 

Баян Әжмұхан
Бөлісу: