Республикалық маңыздағы 26 тасжол жабылды

4 Наурыз 2023, 06:18 646

9 облыста жол қозғалысы шектелді

Республикалық маңыздағы 26 жол учаскесі жабық тұр, деп хабарлайды  El.kz «ҚазАвтоЖол» компаниясына сілтеме жасап.

4 наурыз сағат 01:20 ақпаратқа сәйкес еліміздің 9 өңірінде ауа-райының қолайсыздығына орай республикалық маңызы бар автожолдардың 26 учаскесінде жол қозғалысына уақытша шектеу енгізілді, - делінген компания таратқан хабарламада. 

Абай, Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан және Павлодар өңірлерінде республикалық тасжолдар жабық.

EL.KZ
Бөлісу: