Республикалық Бірыңғай медиация күні

3 Тамыз 2018, 04:30 1553

3 тамызда Достық үйінде – Қоғамдық келісім орталығында Республикалық Бірыңғай медиация күні мерекесіне орай іс-шаралар өткізілді.

Шараға «Нұр Отан» партиясы, Облыстық соты, прокуратура, әділет басқармасының өкілдері, кәсіби және кәсіби емес медиаторлар, Достық үйі – қоғамдық келісім орталығының этномәдени бірлестік жетекшілері мен белсенділері, ШҚО ҚХА Қоғамдық келісім Кеңесі, Аналар кеңесі, «Жаңғыру жолы» жастар штабының мүшелері, Өскемен қаласының тұрғындары қатысты.

Өз кезегінде сөз алған ШҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы меңгерушісінің міндетін атқарушы Т. Черненко, ҚХА мүшесі, Қоғамдық келісім Кеңесінің төрағасы Л. Шик, «Нұр Отан» ХДП Шығыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының орынбасары О. Чугунков жиынға қатысушыларды арнайы құттықтап ізгі тілектерін білдірді.

Сонымен қатар, Семей қаласының, Бесқарағай, Ұлан, Зырян және Глубокое аудандарының Достық үйлері өкілдерімен онлайн-трансляция арқылы диалог жүргізілді.  

Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығының ғылыми-сараптамалық зерттеу және әдістемелік қамтамсыз ету бөлімінің қызметкерлері медиация процесін кім қаншалықты білетіндігін анықтау мақсатында ШҚО тұрғындары арасында алдын ала блиц- сауалнама жүргізген болатын, сол сауалнама нәтижелерін шара барысында жариялады.

Кәсіби медиаторлар іс-шара қатысушыларына отбасылық, қылмыстық, еңбек даулары мен мектеп медиациясындағы дауларды шешу бойынша ситуациялық тренингтер ұйымдастырды. Кәсіби медиатор Э. Абдрахманова еңбек даулары бойынша, кәсіби медиатор М. Дячук этномәдени бірлестіктер өкілдеріне «Этносаралық және ұлтаралық қақтығыстардағы медиация: келешегі мен өзектілігі» атты кейс тренингтер өткізді. Сондай-ақ кәсіби емес медиатор Т. Иксанов келушілер үшін ақысыз кеңес берсе, қатысушылармен бірге «Медиация гүлі» ассоциативті эксперименті жүргізілді.

Шараны «Медиация — қақтығыссыз аумақ» атты флешмобпен қортындылады.

Бөлісу: