Республика күні қайта атаулы күндердің бірі болып бекітілді

23 Қазан 2022, 15:25 3539

Қоғам қайраткері, меценат Серік Амантайұлы Әліпов пен Қазақстан Республикасының тұңғыш депутат-әйел, тарих куәгері, ақтөбелік Галина Якуповна Искакова атаулы күн туралы пікір білдірді

Қазіргі реформалар барысында 2022 жылдың күзі тағы бір жарқын оқиғасымен қазақстандықтардың есінде қалады: 2009 жылы ұлттық мереке тізімінен алынып тасталған Республика күні мерекесі Парламент шешімімен, Қазақстан Президенті Ж.Қ. Тоқаевтың Жарлығымен 25 қазанда қайта атаулы күндердің бірі болып бекітілді. Осы күні 32 жыл бұрын Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаттары Тәуелсіздік туралы декларацияны қабылдап, Республиканың егемендігі жарияланған еді.

  - Мұның бәрі қалай болды? – деген сұрақты Қазақстан Республикасының тұңғыш депутат-әйел, тарих куәгері, ақтөбелік Галина Якуповна Искаковаға қойдық. Ол сол уақыттағы тарихи оқиғалардың ортасында болды.

  - Дауыс беріп, декларацияны қабылдағаннан кейінгі күні мерекелеу болмағаны есімде. Оның үстіне Депутаттар Жоғарғы Кеңес ғимаратынан қонақ үйге қарай бет алған кезде өтіп бара жатқан адамдар жылы шырай танытпаған еді. Адамдар бізді айыптап, наразылық білдіргендер де болды. Көбісі тәуелсіздіктің мәнін түсінбеді, бізге: «Кімнен тәуелсіз боламыз, бізге егемендік не үшін керек?» деген сұрақтар қойылды. Бұның бәріжаңа, танысемесболғандықтанадамдаркүмәнменкарады. Кеңес Одағының халқы тек Мәскеуге жалтақтауға үйренген! Оларды, әрине, түсінуге болады, бірақайтулышешімқабылданып, тарихи таңдау жасалды. Кейін әріптестеріммен, халық қалаулыларымен бірг емемлекеттік рәміздерді, ұлттық валютаны бекітіп, Конституцияны қабылдадық. Ұрпақтар арманы болған жас егеменді мемлекет қалыптасты. Біздің еліміз Тәуелсіз Қазақстан Республикасы болды. Бүгін Егемен Қазақстанды әлемдік қауымдастық мойындады, сол жылдардағы оқиғаларға қатысқанымды мақтан тұтамын және жас мемлекетіміздің қалыптасу бастауында болғанымды мақтан тұтамын, - деп Галина Якуповна сол ұмытылмас уақыт туралы әңгімесін аяқтады.

Тəуелсіздігімізді тұғырлы еткен аға буын соғыстың ауыртпалығын басынан өткеріп, қираған елді қалпына келтірді. Өкінішке орай біздің көптеген ардагерлер қазір арамызда жоқ. Ақтөбенің белгілі есімдерінің бірі орден иегері - майдангер Амантай Әліпұлы Әліпов болды. Осындай айтулы күні оның ұлы,  қоғам қайраткері, меценат Серік Амантайұлы Әліповпен сұхбат жүргізуді жөн көрдік.

- Серік Амантайұлы, 25 қазан - Республика күнін мерекелеу мәртебесі қайта қайтарылғанына қалай қарайсыз?

- Негізгі мемлекеттік мерекенің бұрынғы тарихи мазмұнын қайтару өте әділ шешім деп ойлаймын. 25 қазан - бұл ерекше күн. Бұл күні біздің мемлекеттілігімізді растайтын алғашқы заңнамалық акт жарияланды. Біз, қазақстандықтар, бәріміз еліміздің игілігі үшін жұмыс істеуіміз керек. Біздің күшіміз бірлікте, Тәуелсіз Қазақстан өркендеуі тиіс және еліміздің қуатын құрудың басты процесіне өз үлесімізді қосуға міндеттіміз.

Осы күзден бастап Ақтөбе жерінде Республика күні салтанатты түрде және кең көлемде атап өтіледі: мысалы, 19 қазанда облыстық өлкетану мұражайында «Егементаңы» тақырыбында дөңгелек үстел, Н. Байғаниноблыстық балалар кітапханасында «Менің Қазақстаным - менің болашағым» әдеби-танымдық экскурсиясы өткізіледі. 21 қазан күні С. Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында «Байтақ елім Қазақстан!» атты бейне-саяхат, С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында  «Байтақ елім-күн сәулелі Қазақстан!» тарихи танымдық кеш, ал қалалық Мәдениет үйінде «Өнерқыраны» балалар байқауы өтеді. 24 қазан күні Т. Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театрында «Қазақстан - жаңа тарих бастауы!»ұранымен концерт, облыстық өнер мұражайында Ақтөбе дизайнерлер одағы мүшелерінің «Artoflife» бірлескен көрмесі ашылады. 25 қазан Т. Ахтанов атындағы театрда «Темір нарком» тарихи драмасын көрсетеді, облыстық «Әлия» патриоттық тәрбие орталығында «Елім менің Қазақстан» атты мерекелік іс-шара өтеді. «Өнер орталығы» концерт залында  Республика күніне арналған ең маңызды оқиға «Егемен елім!» салтанатты шарасы өткізіледі. Сахнада Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуына өз үлесін қосқан тарихи тұлғалардың бейнелері сомадалады.

 

Аскар Дауренов
Бөлісу: