Республика күні ұлттық мереке ретінде бекітілді

29 Қыркүйек 2022, 12:22 3649
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кинематография, мәдениет және мерекелер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.

Заңға сәйкес, 25 қазан ұлттық мереке – Республика күні, 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні мемлекеттік мереке ретінде белгіленді. 16 желтоқсан тәуелсіздік алуға зор үлес қосқан ұлттық батырларымызға тағзым күні ретінде аталып өтеді.

Айта кетері, биыл қазақстандықтар Республика күніне орай қатарынан 3 күн – 23, 24 және 25 қазан демалады. Ал сенбі, 22 қазан жұмыс істейді.

Бөлісу: