Түркияның «Адана Демирспор» клубы қазақстандық шабуылшы Абат Айымбетовтің трансфері туралы ресми мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агентігі.
Біздің клуб Абат Айымбетовпен 1,5+1 жыл мерзімге келісімшартқа қол қойды.
Отбасымызға қош келдің! - деп жазды клубтың баспасөз қызметі.
Бұған дейін Қазақстан құрамасының 28 жастағы футболшысы түрік клубының бас бапкерімен келіспей қалған сенегалдық шабуылшы Мбайе Ньянгтің орнын басады делінген еді.
Айта кетейік, биылғы маусымнан бастап қазақстандық футболшылар Түркия чемпионатында легионер саналмайды.