Ресми: Дастан Сәтпаев мансабын «Челсиде» жалғастырады

Кеше, 16:00 337

Алматының «Қайрат» клубы мен Лондонның «Челсиі» 16 жастағы шабуылшы Дастан Сәтпаевтың трансфері бойынша келісімге келді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алматылық клуб мәліметінше, Дастан 2026 жылғы жазда кәмелетке толған соң ағылшын клубына ресми түрде қосылады. Ол уақытқа дейін Сәтпаев «Қайрат» сапында өнер көрсетеді.

Дастан Алматыда дүниеге келген. Сегіз жасында «Қайрат» академиясына түсіп, дайындықтың барлық сатысынан өтті.

Оның жетістіктері:

2024 жылғы мамырда 15 жасында Сатпаев негізгі командада дебют жасап, «Қайрат» тарихындағы ең жас ойыншы атанды.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: