Ресейліктерге тіл тигізген Алматы тұрғыны қамауға алынды

17 Шілде, 21:47 1109

Tik Tok желісінде ұлтаралық арандатушылық тудырып, ресей ұлтына тіл тигізген алматылықтың бейнежазбасы таралған. Полиция департаменті желі қолданушысы ұсталғанын мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алматы қаласының Полиция департаменті бейнежазбағы әйелдің ұсталғанын мәлімдеді.

Өз сөзінде әдепсіз сөздерді қолданып, ұлтаралық балағат сөздер айтқан алматылық тұрғын ұсталды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сонымен қатар тергеу басқа да күдіктілердің әрекетін зерделеуде, оларға тиісті құқықтық баға берілетін болады, - деп хабарлайды.

Белгілі болғандай, Марал Жалелова есімді қолданушы “Орыстар қазақстаннан кетсе, өмір сүру оңай болатынын” айтқан. 

Мені отырғызғыларың келсе отырғыза беріңдер. Мен заңды бұзып жатқам жоқпын. Кетсе, өмір қаншалықты жеңілдейтіні белгілі. Мен үшін олар арамшөп. Менің ешнәрсем жоқ. Мен Гитлер жақсы десем, саған ұнай ма, – деді Марал Жалелова желіде тараған видеода.

Перизат Саденова
Бөлісу: