Қазақстанда да танымалдылыққа ие болған ресейлік «Слово пацана» сериалындағы кейіпкердің қалпағына сұраныс артқан секілді, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Себебі елімізде кейіпкерлердің бірінің бас киіміне ұқсайтын қалпақ 400 мың теңгеге сатылып жатыр.
Алматыда мұндай бас киімге «небәрі» 400-450 мың теңге сұраса, Өскемен тұрғындары 15 мыңнан сатып жатыр.
Сонымен қатар елімізде сериалдың постерлері, кітаптар мен өзге де заттары түрлі бағада сатылуда.